«Қазақстандық медициналық кеңес» Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының қауымдастығы» барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында медициналық білім мен ғылым, сондай-ақ қосымша кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері бойынша үздік материалдарға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға келесі материалдар қабылданады:
очерк
сұхбат
мақалалар
телевизиялық және радиохабарлар
журналистік зерттеулер және басқа,
БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған және 2022 жылғы қантар айынан бастап 31 шілдеге дейін эфирге шыққан мақалалар мен хабарлар топтамасы.
Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімдерді 31 шілдеге дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге дейін беруге болады.
Жеңімпаздарды байқау комиссиясы келесі номинациялар бойынша анықтайды:
- үздік ақпараттық материал;
- үздік аналитикалық материал;
- журналистік зерттеу;
- медициналық журналист.
Жеңімпаздарды марапаттау онлайн форматта өтеді. Байқау жеңімпаздарына әр номинация бойынша 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі.
Материалдарды конкурстың Ұйымдастыру комитетіне Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.. электрондық мекенжайларға жіберу керек, барлық сұрақтар бойынша 87023100106 - Әйгерім Қожахметоваға хабарласуға болады.
«Қазақстандық медициналық кеңес» http://kazmc.kz/index.php/ru/