БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында медициналық білім мен ғылым, сондай-ақ қосымша кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері бойынша үздік материалдарға конкурс жариялайды.

Құрметті әріптестер!

«Қазақстандық медициналық кеңес» Медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының қауымдастығы» (бұдан әрі-Қауымдастық) барлық журналистерді, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтай отырып, БАҚ қызметкерлерінің күні қарсаңында медициналық білім мен ғылым, сондай-ақ қосымша кәсіптік білім берудің өзекті мәселелері бойынша үздік материалдарға конкурс жариялайды.
Конкурсқа қатысуға келесі материалдар қабылданады:
очерк
сұхбат
мақалалар
телевизиялық және радиохабарлар
журналистік зерттеулер және басқа,
БАҚ-та, әлеуметтік желілерде жарияланған және 2021 жылғы 01 маусымнан бастап 18 шілдеге дейін эфирге шыққан мақалалар мен хабарлар топтамасы.

Жұмыстар мемлекеттік және орыс тілдерінде қабылданады. Өтінімдерді 2021 жылғы 18 шілдеге дейін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:00-ге дейін (алған күні) беруге болады.
Жеңімпаздарды байқау комиссиясы келесі номинациялар бойынша анықтайды:
- үздік ақпараттық материал;
- үздік аналитикалық материал;
- журналистік зерттеу;
- медициналық журналист.

Жеңімпаздарды марапаттау онлайн форматта өтеді. Байқау жеңімпаздарына әр номинация бойынша 150 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлықтар беріледі.

Материалдарды конкурстың Ұйымдастыру комитетіне Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.. электрондық мекенжайларға жіберу керек, барлық сұрақтар бойынша 87023100106 - Әйгерім Қожахметоваға хабарласуға болады.
«Қазақстандық медициналық кеңес» http://kazmc.kz/index.php/ru/