СЕРИЯ ВЕБИНАРОВ КМУ "ВШОЗ"

III-СЕССИЯ ВЕБИНАРЫ

Құрметті «ҚДСЖМ» ҚМУ түлектері, «ҚДСЖМ» ҚМУ білім алушылары, Денсаулық сақтау басшылары мен менеджерлері, медицина қызметкерлері және барлық мүдделі тұлғалар!!!
Сіздерді 2021 жылдың 09 қарашасында сағат 15:45-те «ҚДСЖМ» Қазақстан медициналық университеті ұйымдастыруымен өтетін вебинарға шақырамыз!
– Медициналық көмектің сапасы қандай?
– Бұл мәселеде халықаралық тәжірибе қандай?
– Біздің еліміз медициналық көмектің сапасын жақсарту үшін қандай жетістіктерге қол жеткізді?
– Аккредиттеу дегеніміз не? т.б. медициналық көмектің сапасын жақсарту бойынша сұрақтарға шетелдік және отандық жетекші сарапшылардан жауап аласыздар.

Вебинар Zoom платформасында өтеді. Вебинардың ұзақтығы-2 сағат.
ҚАТЫСУ-ТЕГІН! Вебинарға төмендегі сілтеме арқылы тіркеле аласыз https://forms.gle/wJM4MyYtZik3tHqf7 

ZOOM конференциясына қосылу:
Конференция идентификаторы: 890 6146 1057
Кіру коды: 158693

Модераторы: Ардақ Мұханбетжанқызы Әуезова («ҚДСЖМ» ҚМУ ректоры, PhD)

Вебинар бағдарламасы төменде, сондай-ақ сайтта көрсетілген https://ksph.edu.kz/ 

15:45-те «Медициналық көмектің сапасы және қоғамдық денсаулық сақтау».
Charles Shaw – медициналық қызмет көрсету сапасы мәселелері жөніндегі жетекші сарапшысы, Ұлыбритания; Zheleznyakov Evgeny – ДДҰ-ның Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жөніндегі еуропалық орталығының техникалық қызметкері.

16:15-те «Қазақстан Республикасындағы медициналық көмектің сапасын бақылау». Бауыржан Сәтжанұлы Байсеркин – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің төрағасы

16:30-да «Халықаралық қағидаттар негізінде Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесі» (ISQua). Ботагөз Төлеуғалиқызы Каупбаева – Денсаулық сақтау саласындағы сапа бойынша аккредиттеу орталығының төрайымы

16:50-де «ҚР сыртқы кешенді бағалау (аккредиттеу) процесі». Алмагүл Амангелдіқызы Қауышева – «ҚДСЖМ» ҚМУ білім беру және ғылыми қызмет жөніндегі проректоры, Ұлттық аккредиттеу жөніндегі сарапшы.

ДДҰ Еуропалық орталығының қолдауымен 2021 жылғы 26 қазаннан бастап апта сайын тегін вебинарлар өткізіледі. Вебинарлар Қоғамдық денсаулық, Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету, Денсаулық сақтау менеджменті, эпидемиология және басқа да өзекті мәселелер саласындағы білімді арттыруға бағытталған.
Бағдарлама мен кесте төменде, сондай-ақ сайтта көрсетілген https://ksph.edu.kz/ 
Вебинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қатысқаны туралы сертификаттар беріледі.
Барлық сұрақтар бойынша электрондық поштаға: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript. жазыңыз. Немесе +7 771 780 7667 байланыс телефонына хабарласыңыз.